#"Самую сильную боль причиняет не враг,
а тот, кто близко душу, кто рядом"
#"Өмірдің мәнін шын ұқсаң, қазіргі істеп жүргеніңе шын өкінесің…"
#Ащы да болса ақиқат..."
"Өмір" кафесіндегі әңгіме
- Даяршы, маған қасіреттен бір кесе берші.
- Кешіріңіз, мырзам, тым кеш қой, жаңа ғана таусылған.
- Онда қуаныштан әкел.
- Ғафу етіңіз, таң атпай бітіп қалған. Бұрынғыдай-ақ жалғыздықтан әкелейін бе?
- Керегі жоқ. Мен оны бес жыл ішіп, қойып кеткем. Бүгін басқасын берші. Шаттық бар ма?
- Бар. Бірақ, аздап жалғандық қосылған.
- Пәктік ше?
- Бұл мәзірдің бірінші қатарында жазылғанымен, мұнда ешқашан болған емес.
- Сезім ше?
- Кеше ғана біреуін сатып алғандарға екеуін қосып беріп, зорға тауыстық. Өзіңіз білесіз, қазір сезім ештеңеге татымайды. Тым арзан. Оның үстіне бәрі де сапасыз. Амалсыздан сауға ретінде солай өткіздік.
- Жарайды, шынайы сүйіспеншіліктен берші.
- Бұрын болған еді. Қазір жоқ. Мұндай тәтті дүние әлемде тым аз. Естісем, оның өзін алыс қиырдан зорға алдырып жүргендер бар. Бағасы тым қымбат.
- Е, бұрын болған. Күнде осыдан ішуші ем. Дәмі тіл үйіретін, ләззәті де шексіз еді.
- Кешіріңіз, сізге айтар насихатым. Бұдан былай ішпеңіз. Ол тәтті болғанымен, жүрек ауруларына шалдықтырады екен.
- Өзің ішіп көріп пе ең?
- Жоқ, болса да ішпес ем. Келген қонақтардан солай естігем. Мырза, сізге рақымсыздықтан бір кесе алып келейін. Қазір оның базары жақсы. Қонақтардың бәрі де соны ішеді.
- Солай ма?! (Мазақтай күлді). Бұрын олар шынайы сүйіспеншіліктен біраз ішіп алса болды, «күйдім, сүйдім» деп жүрегі елжіреп сала беретін. Соншама тез өзгерген бе?
- Иә, қазір рақымсыздық сәнге айналды.
- Жарайды. Ғашықтық бар ма? Содан әкелші.
- Бар.
- Біреуін әкел, табандылықтан көбірек қосарсың.
- Қазіргі табандылықтың бәрі Қытайда жасалған. Сапалысы қалған жоқ.
- Айтпақшы, әлгі алтын кеседегі тәтті тағамдарың не еді?
- Мырзам, тұрақты қонағымызсыз. Сол үшін де шынымды айтайын. Оған нәпсіден көбірек қосып, өкініш майын араластырып, тұрмыс қазанында қайнатады. Кесесі алтыннан. Сол үшін де қымбаттау.
- Жарайды. Ғашықтықтан әкеле бер. Бала күнімде бір рет дәмін татқаным бар еді. Айтпақшы, махаббаттан бір кесесін дайындап ала келші. Итіме ала кетейін..
#Көз жыласа, жас тамады.. Кебеді,
Жан жыласа, қайғы-мұңы кереді.
Уа, достым-ау, жылатпағын, ешкімді,
Жылатудың - керегі жоқ, керегі...
Жылатудың - керегі жоқ!
Себебі:
Жаратушы - сұрағанға береді,
Түбінде бір әділдігі жеңеді.
Сен жасаған, істегенің - өзіңе,
Бәрі, бәрі -
Шыр айналып келеді...
#О, өмір, ұстатпаған уың бар ма?
Өмірімді несіне жек көремін,
Ауыр-жеңіл болса да өткеремін.
Өмір қашып барады құсқа мініп,
Мен артынан жетем бе деп келемін.
Тағдырыма несіне өкпелейін,
Мойын бұрмай келіп ем, көпке дейін,
О, өмір, ұстатпаған уың бар ма?
Әкел, әкел, оны да жеп көрейін!