Мама,
Білсең ғой жаным қалай жылайтынын.
Көрсең ғой мұңым жасты құрайтынын.
Əр қиналған сəттерде сен көтерген,
Биіктерден өксумен құлайтынмын.
Мама,
Қиындықтар жаныма батты қатты.
Аңсап жүрмін бұрыңғы бақыт-бақты.
Көңілді кездің бəрі жойылғандай,
Санамда тек өшпестей жара қа(лы)пты.
Мама,
Мына ұлың көп ойлайды өмір жайлы.
Күлгеніммен ойым-мұң, санам-қайғы.
Кеткен күндер еріксіз жылатады,
Еріксіз еске аламын өткен жайды.
Мама,
Мына өмір шынымен қатал екен.
Зымыраумен күнің өтіп жатады екен.
Мен қуанып, сені де қуантатын,
Бақыттың таңы қашан атады екен?
Мама,
Қиындықтар бізге неге бас ұрады?
Сондай кезде шыдамым таусылады.
Бөкентай бо(лы)п, құлап қа(лы)п жыламаймын,
Сені ойлаумен жанардан жас құлады.
Мама,
Демеу берші бəрін де жеңіп шығар.
Жеңіп шықсам қайғы да кетіп тынар.
Біз бəріне шыдасақ Бір Алламның,
Бақыты да біздерге жетіп қалар...
Мама!
Жазылмайтын жанымның жарасына,
Ашылмайтын бағымның соры осы ма.?
"Оз" дегеним "Ез" болып бул кундерi
Келгендеймін жалгыздыктын даласына.
Мама!
Бұл көктем,күзге айналған көптен бері,
Тағдырдың таусылмады өткелдері.
Өміріме налып кейде жылаганда ,
Жубатты менi махаббат тек сендегi....